Даурен Онаев: үлестік құрылыс бойынша нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қор кепілдігін алатын объектілер санын ұлғайта түседі.

Үлестік нарық қатысушылары үшін кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2% мөлшер деңгейінде белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында өткен брифинг барысында «Тұрғын үй құрлылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма


Даурен Онаев заңнамаға енгізілетін түзетулер Қордың кепілдігін алмаған құрылыс компанияларының жағдайын талдау негізінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан бастамашылық алды. 

«Бұдан бұрын, құрылыс салушыны сипаттайтын көрсеткіштерге байланысты кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2-ден 6% -на дейін өзгерді.  Енді, жобаның құны 2% мөлшерінде белгіленеді. Құрылыс салушыға кепілдік жарнасын есептеу әдісіне сәйкес 100-ден кемінде  60 балл жинау керек»

- деді Даурен Онаев.

 

Кепілдік беру қорының Басқарма төрағасы жоба құнының Кепілдік жарна мөлшерлемесін есептеу кезінде аяқталмаған құрылыстың құны шегеріліп, салынып жатқан объектілер бойынша кепілдік жарнасының шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, егер бұрындары қосалқы мердігерлік жұмыс тәжірибесі жалпы тәжірибеге енгізілмесе, енді Қор кепілдік алу өтінішін қарау кезінде жүргізілген қосалқы мердігерлердің жұмысы назарға алынатын болады.

Сонымен қатар, құрылыс компанияларының ыңғайлылығы үшін екінші рет өтініш жасау кезінде қайталама құжаттарды ұсыну алынып, кепілдік алуға арналған құжаттарды қарастыру қағидасындағы түпкілікті тізбе анықталды. «Жалпы алғанда Заңнамадағы өзгерістер Қордан кепілдік алуға ниет білдірген әлеуетті құрылыс салушылар үшін шарттарды  ыңғайлы және түсінікті етеді»,- деді Даурен Онаев,

Кепілдік беру қорының кепілдігін алу – тұрғын үй құрылысын салу үшін үлескерлер қаражатын тартудың бір жолы болып табылады.  Жыл ішінде Қорға 50-ден астам тұрғын үй жобалары бар 40-қа жуық құрылыс салушылар өтініш білдірді. Алайда кепілдік жарнасы мөлшерлемесінің жоғары болуына байланысты кейбір компаниялар қажетті құжаттар топтамасын ұсына алмады.

Жыл ішінде Кепілдік беру қоры екі қалада салынып жатқан тұрғын үйлер бойынша екі кепілдік берді. Олар Астана қаласындағы «Миллениум парк» ТҮК және Алматы қаласындағы «Легенда» ТҮК. Осылайша Қор берген кепілдігі аталған тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға ниет білдірген азаматтаға үйлерінің кілтін алуға мүмкіндік береді.

«Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы 2016 жылғы 10 қазанда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң күшіне енген күннен бастап өзінің қызметін бастады. 

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Қазақстандық өнертапқыштар мүгедектер арбасына электр жетегін әзірледі

Назарбаев университетінің жас өнертапқыштары қалыпты механикалық мүгедек арбалары үшін кірістірілген электр жетегін ойлап тапты.

26.04.2018
«Қазына Капитал Менеджмент» жаһандық private equity қауымдастығының бөлігіне айналды

Екінші тоқсанның басталуы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ компаниясы тарихындағы маңызды оқиғамен тұспа-тұс келді. 2018 жылы 1 сәуірде Компания дамушы елдерде тікелей инвестиция саласындағы барлық әйгілі компанияларды біріктіретін бірден-бір қауымдаст

12.04.2018
Холдингтің
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
Даурен Онаев: үлестік құрылыс бойынша нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қор кепілдігін алатын объектілер санын ұлғайта түседі.

Үлестік нарық қатысушылары үшін кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2% мөлшер деңгейінде белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында өткен брифинг барысында «Тұрғын үй құрлылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма

10.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook