"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Ақмола облысындағы жел электр станциясы кешенінің құрылысын қаржыландырды.

Жобаны іске асыруды жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту мақсатында құрылған "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС жүзеге асырады.

Ақмола облысында қуаты 48 МВт ЖЭС екінші іске қосу кешенінің құрылысы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды.  Жобаның қазірдің өзінде Vestas (Дания) компаниясы атынан электр энергиясын және сенімді жеткізушілерді сатуға 15 жылдық келісім-шарты бар.

 

"Біз жел энергетикасы саласы белсенді дами беретініне сенімдіміз. "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС іске асырылатын Ақмола облысындағы ЖЭС жобасы парниктік газ шығарындыларын азайту бойынша Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға зор үлес қосады, сондай-ақ еліміздің "жасыл" экономикаға көшу стратегиясына сәйкес келеді. Жобаның практикалық құндылығын ескере отырып, Ақмола облысындағы ЖЭС-тің екінші іске қосу кешенінің кезегін қаржыландыруды біз маңызды оқиға деп санаймыз", – деп атап өтті "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ басқарушы директоры Ғаббас Ержанов.

 

Айта кету керек, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қуаттылығы 50 МВт болатын "ЦАТЭК Green Energy" ЖШС ЖЭС-тің бірінші іске қосу кешенін қолдаған. Бұл қуат 5 000 үй шаруашылықтарының жылдық энергия тұтынуына тең. Елдегі энергия генерациясының ұлғаюынан басқа, жел паркін пайдалануға беру парниктік газдардың шығарындыларын жылына 230 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясының құрылысын қаржыландырады.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ШҚО Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде жобалық қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС құрылысын қаржыландырды. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қаражаты жабдықтар сатып алуға және жеткізуге және құрылыс - монтаж ж

19.11.2019
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстандағы экспорттық-бағытталған ет кластерін дамытуға көмектеседі

Ет өнімдерін өндіруші «Emc Agro» ЖШС «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржыландыруы есебінен шошқа етін өн

13.11.2019
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook