"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қолдауымен Қазақстанда арктикалық дизель отынын өндіруді жолға қою жоспарланып отыр.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қолдауымен Қазақстанда арктикалық дизель отынын өндіруді жолға қою жоспарланып отыр.

Енді компания толық өндірістік қуатқа шығып, шағын МӨЗ жаңғыртуды жүзеге асыра алады,бұл қазіргі таңда өзіндік құны төмен жоғары сапалы "арктикалық" дизель отынын алуға мүмкіндік береді.

 

"Бұл маңыздылығы жоғары жоба болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілмейтін және жоғары сұранысқа ие төмен температуралы, оның ішінде арктикалық, сипаттамалары жоғары қысқы дизель отыны. Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландырылған Компания қосылған құны жоғары мұнай өнімдерін шығаратын болады. Қосымша жұмыс орындары ашылады. Сондықтан біз бұл жобаны қолдау маңызды деп санадық", - деді "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Сағымбеков.

 

"Астана Ойл" Мұнай үйі" ЖШС 1998 жылы құрылған. Кәсіпорын Степногорск қаласында орналасқан. Негізгі қызмет түрі: маусымаралық және қысқы дизель отынын өндіру, мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек саудада өткізу. Отандық тауар өндіруші ретінде компания ҚР Қорғаныс министрлігіне, "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Қазмырыш" АҚ, "ArselorMittal Temirtau" АҚ және басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қысқы дизель отынын жеткізуді жүзеге асырады.

 

"2007 жылдан бастап біздің компания қысқы және маусымаралық дизель отынын өндіруге және сатуға маманданған. Күн сайын біздің  1000 тоннаға дейін мұнай өнімдерін темір жол көлігімен шығаруға және тиеуге мүмкіндігіміз бар. Енді "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ - ның қаржылық қолдауы арқасында біз елімізде тапшы болып табылатын өнімдер өндірісінің көлемін жолға қойып, арттыра аламыз", - деді "Астана Ойл "Мұнай үйі" ЖШС Бас директоры
Владимир Грищенко.

 

Капиталға жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-мен осы жылы іске қосылды және банктік несиелендірудің баламалы қаржылық құралын ұсынады.  Бағдарлама шеңберіндегі қаржыландыруды кең көлемдегі салалар, соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар тізімі алып жатыр.

 

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Айнұр Қуатова «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басшысы болып сайланды

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқармасының төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып
ағымдағы жылдың 6 қантарынан бастап Айнұр Сайынқызы Куатова сайланды.

06.01.2020
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясының құрылысын қаржыландырады.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ШҚО Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде жобалық қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС құрылысын қаржыландырды. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қаражаты жабдықтар сатып алуға және жеткізуге және құрылыс - монтаж ж

19.11.2019
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook