Бизнес өкілдеріне жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы ұсынылды

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ жалпы сомасы 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ жалпы сомасы 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай бағдарлама алғаш рет ұсынылды. Оның ерекшелігі – кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен капиталға қаржыландыруды тартуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жасалған.

Отандық кәсіпкерлердің алдында тұрған мәселелер осы бағдарламаны әзірлеуге негіз болып отыр. Атап айтқанда, қаржыландырудың жоғары құны, жоғары несие жүктемесі, кепілдіктің жеткіліксіздігі, ұзақ мерзімді несиелендірудің болмауы, сондай-ақ несие алған бизнес өкілдері үшін қарызды өтеудегі ауыр шарттары. Бұдан басқа, Бағдарлама инвестицияларға бизнестің қолжетімділігін жеңілдету және капиталды тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды кеңейтуге арналған.

Аталмыш бағдарлама қаржыландырудың тартымды шарттарын қамтамасыз етеді: пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%, инвестиция 10 жылға дейін беріледі және көлемі 5 млрд теңгені құрайды. ККМ-нің қаржыландырылған кәсіпорындарға қатысу үлесі компанияның капиталында 49% шектеледі, яғни компанияны басқаруды кәсіпкердің өзі қамтамасыз етеді.

Өндірістің, инфрақұрылымдық жобалардың және т.б. қоса алғанда, өнеркәсіптің кең ауқымын қаржыландыру көзделген. Екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: корпоративтік бизнесті қолдау және шағын және орта бизнесті дамыту.

Бағдарлама операторлары – «Қазына Капитал Менеджмент» еншілес ұйымдары – «Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС. Сонымен бірге шағын және орта бизнесті дамыту бағытында Сбербанк, ForteBank, ЦентрКредит Банкі, ВТБ Банкі және Альфа-Банк сияқты серіктес банктер тартылды.

«Қазіргі уақытта отандық кәсіпкерлер несие құралдары шектеулі жағдайында жұмыс істеп жатыр. Осы мәселелерді шешу үшін ККМ шағын және орта бизнестен ірі бизнеске дейін кең ауқымды кәсіпорындар үшін жаңа бағдарлама әзірледі, бұл біздің еліміздің іскер топтары арасында капиталға инвестициялау құралдарын пайдалануды кеңейтеді. Сонымен қатар, осыған дейін ҚКМ қараған әлеуетті жобалар да Бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты», - деді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек

https://altaynews.kz/kz/biznes-okilderine-zhenildetilgen-karzhyilandyiru-bagdarlamasyi-usyinyildyi-37490.html

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясының құрылысын қаржыландырады.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ШҚО Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде жобалық қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС құрылысын қаржыландырды. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қаражаты жабдықтар сатып алуға және жеткізуге және құрылыс - монтаж ж

19.11.2019
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстандағы экспорттық-бағытталған ет кластерін дамытуға көмектеседі

Ет өнімдерін өндіруші «Emc Agro» ЖШС «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржыландыруы есебінен шошқа етін өн

13.11.2019
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook