«ҚКМ» портфельдік қорлары елдің «жасыл» энергетикасына үлес қосты

«Қазына Капитал Менеджмент» құрылымына кіретін DBK Equity Fund және Baiterek Venture Fund қорлары Ақмола

«Қазына Капитал Менеджмент» құрылымына кіретін DBK Equity Fund және Baiterek Venture Fund қорлары Ақмола облысында жел электр станциясының құрылысын салу жобасына 3,6 млрд теңге инвестициялады. Осылайша, олардың жобаның жарғылық капиталына қатысу үлесі 23,55% құрады.

 

DBK Equity Fund және Baiterek Venture Fund бірлесіп инвестициялау туралы келісімге өткен жылдың мамыр айында қол қойылды. Жобаға қатысу туралы шешім оның инвестициялық тартымдылығына байланысты қабылданды, атап айтқанда: бекітілген тариф бойынша 100% өндірілетін энергияны өткізу бойынша келісімшарт жасасу; жобаның жете пысықталуы; жабдықты жеткізуші – Vestas - толық техникалық қолдау көрсететін саласының әлемдік көшбасшысы.

 

Сонымен қатар «ҚКМ» қорларының жобаға қатысуы Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу стратегиясын орындауға септеседі. ЖЭС пайдалануға беру парниктік газдардың шығарындыларын жылына 230 000 тоннаға төмендетуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз жылына 113 000 астам автомобиль шығарындылары көлемінен асады. Құрылыс аяқталғаннан кейін станция жаңартылатын энергия көздері есебінен 10 мыңнан астам отбасының қажеттілігін қамтамасыз ете алады, сөйтіп қазба отынды пайдалану көлемін қысқартады.

 

Қуаты 50 МВт бірінші іске қосу кешені құрылысының жалпы құны 45,1 млрд. теңгені құрайды. «ҚКМ» қорларынан басқа жобаға «Қазақстанның Даму банкі» мен «ҚДБ-Лизинг» қаражат ұсынды. Құрылыс 2019 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.

 

«Бұл жоба «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдары тарапынан жобаларды жүзеге асырудың синергия мен кешенді тәсімнің тамаша үлгісі болып табылады. Оған төрт қаржыландыру ұйымы бірлесе қатысты, олардың әрқайсысы жобаны жүзеге асыруға жағдай жасаған қолдау құралдарының бірегей жиынтығын ұсынды», - деді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы Ардақ Қасымбек.

        

DBK Equity Fund – 2017 жылы құрылған қазақстандық тікелей инвестициялар қоры, бастапқы капиталдандыру көлемі 33,5 млрд.теңге құрайды. Қордың инвесторлары «Қазақстанның Даму банкі» АҚ мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ болып табылады.

 

«BaiterekVentureFund» АҚ 2014 жылы құрылды, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің компаниялар тобына кіреді және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-тың 100% еншілес ұйымы болып табылады.

 

«BVF» АҚ Қазақстан экономикасының басым салаларында жұмыс істейтін отандық компанияларға қаржылай қолдау көрсету мақсатында құрылды.

 

Қор жобаны іске қосу, дамыту және жетілдіру кезеңдерінде үлестік және борыштық қаржыландыруды ұсыну арқылы орта және ірі бизнес жобаларын іздестіруді және инвестициялауды жүзеге асырады.

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Шығыс Қазақстан облысында су электр станциясының құрылысын қаржыландырады.

"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ ШҚО Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде жобалық қуаты 24,9 МВт Тұрғысын ГЭС құрылысын қаржыландырды. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ қаражаты жабдықтар сатып алуға және жеткізуге және құрылыс - монтаж ж

19.11.2019
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстандағы экспорттық-бағытталған ет кластерін дамытуға көмектеседі

Ет өнімдерін өндіруші «Emc Agro» ЖШС «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржыландыруы есебінен шошқа етін өн

13.11.2019
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook