«Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы бастау алды

«Бәйтерек» холдингі 

«Бәйтерек» холдингі «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының бастау алғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 62-ші қадамына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық озық тәжірибелер есепке алынып әзірленген бағдарламаның мақсаты бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялық өңдеуші өнеркәсіптерді құруға көмектесу болып табылады.

Көмек холдингтің еншілес ұйымдарының қолдау көрсету үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар кешенін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады: «Kazakhstan Project Preparation Fund» тарапынан ТЭН әзірлеуден бастап «Қазақстанның Даму Банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан жеңілдікпен қаржыландырудың және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, сондай-ақ «Kazyna Capital Management» үлестік қаржыландыруының құралдарын пайдалану мен «KazakhExport» компаниясының қолдау шараларын қолдануға дейін.

Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері өндірісті жаңғыртуға немесе технологиялық өнімдерді өндіруге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға; идея кезеңінде жобалар үшін де, сондай-ақ жобалық құжаттаманың толық пакетінің болуымен де қолдау шараларын ұсынуға; бағдарлама бойы қатысушыларды қолдайтын компанияға дербес менеджерді бекіту арқылы жан-жақты жеке қолдау көрсетуге негізделу болып табылады.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпорындар бірқатар критерийлерге жауап беруі тиіс, оның ішінде: өңдеу өнеркәсібіне өтінім беру, штатта 100-ден астам адамның болуы және 300000 АЕК-тің жылдық кірісінің, экспортқа бағдарланған бағытының болуы, Қазақстанның капиталға 51% және одан көп қатысу, нарықта кемінде үш жыл болу.

Бағдарламаның мерзімі бес жыл, оның ішінде үш жыл - жүзеге асыру, екі жыл - мониторинг. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.

Бағдарламаның шарттары мен толық мәтінін, сондай-ақ тапсырыстың шаблонын «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтында https://www.baiterek.gov.kz/ru/programma-lidery-konkurentosposobnosti-nacionalnye-chempiony-20 сілтемесі бойынша табуға болады.

Қатысу және қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша кәсіпкерлер бағдарламаның байланыс орталығына +7 (7172) 91-91-98 телефоны бойынша хабарласа алады.

 

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі

8 (7172) 919205

www.baiterek.gov.kz

baiterek.gov.kz@gmail.com

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

01.06.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жөргектер өндірісінің жобасы бойынша 300 млн теңгеден астам пайда тапты

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.

31.05.2018
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook