Kostanay Invest 2018 II аймақтық форумының барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Қостанай облысының әкімдігі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

12 қазанда Қостанайда Kostanay Invent 2018 өңірлік инвестициялық форумы өтті, оның аясында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Қостанай облысының әкімдігі арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат машина жасау, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс материалдары мен тамақ өнімдерін өндіру және басқа да салаларда жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

«ҚКМ» Басқармасының Төрағасы Ардақ Қасымбек: «Құжат өңірдегі әлеуетті және қолданыстағы жобаларға инвестицияларды арттырудың маңызды механизміне айналады, тараптар арасындағы тығыз өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыту үшін негіз болады» - деп атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Қазына Капитал Менеджмент» делегациясының Қостанай облысына жұмыс сапары өтті. Аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды, тараптар KostanayInvest 2018 инвестициялық форумына «ҚКМ» қатысуы және ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою туралы келісті.

Меморандумға сәйкес, тараптар келесі бағыттарда ынтымақтастықты дамытуға ниетті: перспективалы инвестициялық жобалардың картасын, ақпараттар және тәжірибелермен алмасу, Қостанай облысында инвестициялау мәселелері бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да түрлерін қалыптастыру.

Сондай-ақ, Kostanay Invent 2018 шеңберінде шағын және орта бизнес үшін дөңгелек үстелдер, мастер-кластар өтті, және Қостанай индустриалды аймағын аралап өтті.

Ардақ Қасымбек «ҚКМ» өкілдері Қостанай облысындағы инвестициялық бастамаларға белсенді қатысатынын атап өтті. 2015 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» AllurGroup – Қазақстанда толық циклді автокөліктердің өндірісін жүзеге асыратын жалғыз компаниялар тобын инвестициялай бастады. AllurGroup өнімі жоғары экспорттық әлеуетке ие, оның желісі Hyundai, Ravon, Iveco, Mitsubishi, Suzuki, JAC және басқа брендтермен ұсынылған.

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

01.06.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жөргектер өндірісінің жобасы бойынша 300 млн теңгеден астам пайда тапты

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.

31.05.2018
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook