«Қазына Капитал Менеджмент» және Еуразиялық даму банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Қазына Капитал Менеджмент» және Еуразиялық даму банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және Еуразиялық даму банкі өзара тиімді ұзақ мерзімді әріптестік жасау шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Қазақстан Республикасы экономикасының энергетика, машина жасау, инфрақұрылым, өнеркәсіп және басқа да басым салаларында жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Құжатқа «ҚКМ» АҚ Басқарма Төрағасы Ардақ Қасымбек және ЕАДБ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Исенов қол қойды.

«Келісім ЕАДБ және «ҚКМ» қатысатын әлеуетті және қазіргі жобаларына, ұлттық валютада қаржыландыруды қоса алғанда, капиталға қосымша қор жинауға қол жеткізуге мүмкіндік береді, осылайша жобаларды жүзеге асыру жағдайларын едәуір жақсартуға жол ашады», – деп атап өтті Ардақ Қасымбек, бұл дегені, атап айтқанда Mubadala (БАӘ) сияқты басқа ірі инвесторлармен қолданыстағы бірлескен инвестициялық келісімдер шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырудың табысты тәжірибесіне негізделіп айтылған пікір.

«ҚКМ» және ЕАДБ пікірінше, екіара ынтымақтастық тек жекелеген инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар тараптардың ұйымдастыратын білім беру, ақпараттық және басқа іс-шараларға қатысу жолымен тәжірибе мен білім алмасуды ұйғарады.

 

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («ҚКМ») ұлттық экономиканың орнықты дамуына ықпалдасу мақсатында 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар қорларының қоры (private equity). «ҚКМ» тобына кіретін қорлар алдағы өсімді және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында экономиканың түрлі секторларында жұмыс жасайтын компанияларға капиталды ұсынады. «Қазына Капитал Менеджмент» және халықаралық институционалдық инвесторлар бірлесіп, жалпы капиталдану сомасы 2,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 13 private equity қорларын тиімді басқаруда. «ҚКМ» компаниясы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

 

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың орнықты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында Ресей және Қазақстанның қатысуымен 2006 жылы құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ-ның жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банктің қатысушы мемлекеттері - Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады.

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі

Тел.: (+7 7172) 554 222 (ішкі 120)

E-mail: pr@kcm-kazyna.kz

Сайт: www.kcm-kazyna.kz  

 

Пресс-центр ЕАБР

Савельев Александр, +7 (985) 765 23 59, Горбачёв Сергей, +7 (916) 727 22 00 (Мәскеу)          

Сапаргалиева Азима, +7 (777) 750 00 08 (Алматы)

pressa@eabr.org  

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

01.06.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жөргектер өндірісінің жобасы бойынша 300 млн теңгеден астам пайда тапты

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.

31.05.2018
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook