«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ тікелей инвестициялық қорлардың қатысуымен ШОБ үшін сауда алаңын құруды ұсынады

<Алматыда «Қазақстанда шағын және орта бизнес компаниялары үшін сауда алаңын құру мүмкін бе?» атты дөңгелек үстел өтті.

Осы сұрақтың қазақстандық кәсіпкерлер, қаржыгерлер, инвесторлар қауымдастығында ұзақ уақыттан бері көтеріліп жүргенін атап өткен жөн. Біреуінде дамуға инвестиция салған жағдайда көп кіріс әкелуі мүмкін өнім бар. Басқаларда одан да көп кіріс алу мақсатында салу үшін өтімділік және құралдардың айтарлықтай көлемі бар. Сонымен қатар қажетті инфрақұрылымы бар Қазақстандық қор биржасы (KASE) бар. Бірақ неліктен барлық тараптар ортақ игілік үшін бірыңғай қорытындыға келе алмайды? Осы сұраққа бизнес, брокерлік компаниялар, тікелей инвестициялық қорларды басқаратын өкілдер жауап беруге тырысып көрді.

Сонымен, Қазақстанда шағын және орта бизнесте тікелей инвестицияларға қолжетімділік жоқ. Сонымен бірге банктердің несие қаражатының жетіспеушілігінен булығып, өтімділікті қатты қажет етеді. Өз кезегінде, өтімділіктің көп көлеміне ие тікелей инвестициялық қорлар ШОБ секторына көз тіккенімен, бірқатар себептер бойынша ынтымақтасуға белсенділік танытпайды. Бұл жерде жоба мен өнімнің сапасы және сенімділігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) қызметіндегі кейбір заңнамалық шектеулер, ШОБ кәсіпорындарының инвесторлардың қойған талаптарына сәйкес келуге айқындық және дайындық деңгейі, кіріс мәселесі және компанияға кіру және одан шығу мәселесі және басқалар да бар.

Дегенмен, тікелей инвестициялық қорлардың қатысуымен ШОБ үшін сауда алаңын құру мүмкіндігі туралы мәселені 13 тікелей инвестициялық қордың қатысуышысы болып табылатын және қазақстандық компаниялардың капиталына бағытталуы мүмкін $1 млрд астам инвестициялық өтімділігі бар «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржы секторының алдына төтесінен қойды. Айта кетерлік жайт, «Қазына Капитал Менеджмент» тізімінде 60 портфельдік компания бар, олардың көп бөлігі Қазақстан аумағында.

Қордың міндеті – өсетін компанияны іздеп табу және инвестиция құю және 3-7 жыл ішінде кіріспен шығу. Өсуші ШОБ компанияларының көптігіне және олардың тарапынан инвестицияларға әлеуетті сұранысына қарамастан, әлеуетті сатып алушылардың шектеулі санына байланысты олардан шығу қиын.

Бұл тікелей инвестициялық қорлар үшін табысты және уақытылы шығу үшін кедергі тудырады. Ол дегеніміз ұзақ мерзімді инвестициялардың жүздеген миллион доллар. Қазіргі кезде Қазақстанда бизнесте үлестерін серіктестеріне немесе стратегиялық инвесторға сату секілді шығудың механизмдері кеңінен таралған. Сондықтан қорлар жобаларды іздеу кезінде серіктестің қаржы жағдайына және стратегиялық инвестор үшін тартымдылыққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр.

Халықаралық тәжірибені зерттеп, біз private equity нарығының инвестиция салу сатысында және жобадан шығу сатысында қаржы нарықтарының дамуына шын мәнінде байланысты деген қорытындыға келдік.

ШОБ нарығына қосымша инвестициялар, ал қорларға аталған секторға деген қызығушылық беру үшін, біз бір-бірінің баламасы және бірін-бірі толықтыратын бірқатар нұсқаларды ұсынамыз.

Аталған сауда алаңын қалыптастыру үшін қажеттіліктің пісіп жетілгеніне біз сенімдіміз, - деген позицияны дөңгелек үстелдің отырысын ашқан «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Асқар Достияров айтты.
Сонымен, CITIC Kazyna Investment Fund I («Қазына Капитал Мененджмент» отбасына кіретін тікелей инвестициялық қор) қорының директоры Даурен Оңаевтың айтуынша, ҚКМ мамандары келесі үш нұсқаны қарастыруды ұсынады.

Бірінші және негізгі нұсқа - KASE Қазақстандық қор биржасының базасы негізінде жеке сауда алаңы


«Қазына Капитал Менеджмент» бағалауы бойынша, KASE-те инфрақұрылым жақсы жұмыс істейді, нарық қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынас жақсы қалыптасқан, брокерлік компаниялар және әртүрлі секторлардағы компаниялар ұсынылған.

Одан басқа, KASE базасының негізіндегі сауда алаңы мәмілелердің айқындылығы, барлық есеп-айырысуды тіркеу бөлігінде талаптарға толық көлемде сәйкес келер еді, қатысу үлесінің сатушылары және сатып алушыларының талаптарын қанағаттандырар еді. Осыған ұқсас сауда алаңдары әлемнің ірі биржалары Лондонда, Канадада, Сингапурде де бар. Егер қиындық жайлы айтар болсақ, бұл заңды да, тиісті нормативтік құжаттардың регламентациясын қажет етеді. ЖШС үлестерін шығаруға қатысты заңнамалық шектеулерді, қатысушылардың келісімін, осы рәсімдерді іске асыру механизмдерінің болмауын ескерген маңызды.

Екінші нұсқа - ОТС (Over The Counter), немесе екі тарап арасында тікелей сауда идеясын білдіретін биржадан тыс мәміле.


Сатушы және сатып алушы бір-бірін табу үшін арнайы онлайн-платформа жасалады. Сөйтіп, инвесторлар ШОБ жобалары туралы ақпаратты өз бетінше ала алады, ал мәміленің жеке талаптары мен икемді критерийлері инвестиция нарығын әлеуетті кеңейте алады. Мәміле жасау үшін кәсіби қаржы кеңес берушілері тартылады.

Осындай алаңның айқын мысалы АҚШ биржадан тыс нарығының хабарландырулардың электрондық тақтасы болып табылады.

Орналастыру кезінде белгілі талаптарды білдіретін ОТС қай түрі екені нақтыланады. Бұл жерде компаниялар ақпарат ашуға, аудит жүргізуге және өздерінің ішкі рәсімдерін инвесторлардың ойына сәйкес сәйкестендіруге дайын болулары тиіс.

Мәміле бойынша есеп-айырысу жүргізу сатысында айқындылықты қамтамасыз ету үшін KASE те жұмылдырылуы мүмкін.

Үшінші нұсқа – мамандандырылған үлестік инвестициялық қорлар


Негізгі артықшылықтар – портфельді әртараптандыру мүмкіндігі, заңнаманың талаптарына сәйкес, бір құралға ҮИҚ 15% көп емес көлемі орналастырылуы, сонымен қатар ҮИҚ ЖШС-ның 15% үлесін сатып алуы тиіс. Оның артықшылығы – әлеуетті жобаларды терең талдайтын басқарушы компанияның кәсіби командасы. Осы басқарушы компания тікелей инвестициялық қорлармен өзара қарым-қатынас жасайды.

«Қазына Капитал Менеджмент» талдаушыларының пікірінше, ҮИҚ KASE-ке листинг жүргізу кезінде салық артықшылықтарын алуына қарамастан, бұл нұсқа заңнамалық шектеулерге байланысты іске асыру үшін күрделі болып табылады.

KASE Қазақстандық қор биржасының басқарма Төрағасы Алина Алдамберген: «KASE және даму институттары бизнеске жұмыс істеуі, қаржыландыруды тартуы үшін қажет шарттар мен құралдарды жасауы тиіс» деп атап өтті.

- Компаниялар бизнесті ұйымдастырудың басында және оны жалғастыру үшін қаржылық жетіспеушілікті бастан кешіретінін көреміз. Жақсы IPO жасауы мүмкін тартымды эмитентті алу үшін оны өсіру қажет. Сондықтан біздің стратегиямыздың, капиталды, жеке инвесторды тартқысы келетін эмитенттің бағыттарының бірі – стартаптан IPO-ға дейін дамыту. Біз өз тарапымыздан 2018 жылдың бірінші тоқсанында тапсыруды жоспарлайтын стартап-алаңын құруды бастадық, - деп Қазақстандық қор биржасының басшысы айтты. – Біздің қазір талқылап жатқанымыз маңызды қадам. KASE-тің инфрақұрылымы бар. Қазақстанда биржа және заңнама жеткілікті көп жеңілдік ұсынады. Соған байланысты біз осындай алаң жасауда ынтымақтастыққа дайынбыз. Биржа – күш-жігердің шоғырланған орны.

Алайда кәсіпкерлер мен инвесторлар консенсусқа қол жеткізуі үшін бірқатар маңызды сұрақтарды реттеу қажет.

Орта бизнес атынан RG Brands директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мажибаев: «Капитал доллармен белгіленген деген мәселе бар. Сол акционерлердің алдында міндеттемелерде доллар тұр. Ал ондай міндеттемелер өсімді қысып тастайды. Ондай міндеттемелерге кірісті доллармен қайтарудың жыл сайынғы 25%-дық нормасы бар. Теңгенің долларға бағамы доллар үшін 140-тан 340 теңгеге жылжыды. Компанияның қанша жандандыруы тиіс екенін оңай санауға болады. Іс жүзінде ол мүмкін емес. Оның шешімі халықаралық даму институттары активтерінің валюталарын және компания міндеттемелері валютасын қайта қарауы тиіс».

ADM Capital серіктесі Орынбасар Қуатов тікелей инвестициялық қорлар үшін екі зат: кіру кезінде шығу мүмкіндігін түсіну және біздің әлеуетті серіктесімізбен құрылатын қарым-қатынасымыз айқын және жемісті болатынын түсіну өте маңызды деп түсіндірді. Пилоттық жобалар осы бағытта ЖШС меншігінен үлестерін шығарудан бастап, меншік иелерінің келісімдерін алу, акциялар классын және т.б. мәселелерді көтеретініне сенімді.

- Негізінде бұл алаң болашақта ШОБ үшін өз үйі болуы тиіс. Жобаларға және әрі қарай өсу үшін өтімділікті қажет ететін жобаларға салған тиімді инвесторлар үшін платформа болады. ШОБ дамуы еліміздің тұрақты экономикалық өсуі үшін шарықтауын тудырады, - деп Асқар Достияров қорытындылады.

Алғашқы диалог алаңы барлық тараптардың қызығушылығын көрсетті, алайда көп нәрсе инвесторлар және тікелей инвестициялық қорлардың сұранысы мен ұсыныстарына байланысты болады. Енді «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ барлық ұсыныстарды жинайтын және ШОБ қаржыландыру механизмдерін жасайтын жұмыс тобын құруға ниетті.

Дереккөзі: http://www.forbes.kz

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Қазақстандық өнертапқыштар мүгедектер арбасына электр жетегін әзірледі

Назарбаев университетінің жас өнертапқыштары қалыпты механикалық мүгедек арбалары үшін кірістірілген электр жетегін ойлап тапты.

26.04.2018
«Қазына Капитал Менеджмент» жаһандық private equity қауымдастығының бөлігіне айналды

Екінші тоқсанның басталуы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ компаниясы тарихындағы маңызды оқиғамен тұспа-тұс келді. 2018 жылы 1 сәуірде Компания дамушы елдерде тікелей инвестиция саласындағы барлық әйгілі компанияларды біріктіретін бірден-бір қауымдаст

12.04.2018
Холдингтің
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
Даурен Онаев: үлестік құрылыс бойынша нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қор кепілдігін алатын объектілер санын ұлғайта түседі.

Үлестік нарық қатысушылары үшін кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2% мөлшер деңгейінде белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында өткен брифинг барысында «Тұрғын үй құрлылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма

10.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook