2018 жылы қандай секторларға инвестиция құйған жақсы?

Қазақстанда шикізат және қаржы компанияларының акциялары жоғары өсім көрсетті.

Әлемдік экономика биыл өзін жаман сезінбегенге ұқсайды. Ол туралы макроэкономикалық көрсеткіштер, инвесторлардың сатып алуға деген «тәбеті», сонымен қатар әлемде IPO санының өсуі көрсетті. Әлемдік нарықта технологиялық сектор өзін бәрінен күшті сезінді. Қазақстанда шикізат және қаржы компанияларының акциялары жоғары өсім көрсетті. Сонымен қатар еліміздің экономикасына құйылатын тікелей инвестициялар сомасы өсті.

Тимур Турлов, «Фридом Финанс» ИК бас директоры:

2017 жылы халықаралық нарық әлемнің дамыған елдерінің орталық банктерінің монетарлық саясаты және макроэкономикалық көрсеткіштерінің жақсаруы аясында өсімнің оң серпінін көрсетті. Сонымен, АҚШ қор нарығында жылдың басынан S&P 500 индексі 18,4% қосты, ол кезде Nasdaq 26,6% өсті.

Салалар бөлінісінде технологиялық сектор биыл өсімнің лидері болды. Теріс серпін көрсеткен жалғыз сектор энергетика секторы болды, мұнайға баға белгілеудің құбылмалылығы салдарынан ауытқып отырды.

Бағалы қағаздардың қазақстандық нарығына келер болсақ, бұл жерде де осындай жағдай жылдың басынан KASE индексінің мәні 56%-ға ұлғайды; аталған серпін 2016 жылғы өсімді (+56%) қайталайды. Осындай өсім MSCI Emerging Markets дамушы нарықтарының индекстер тобында (жылдың басынан +29%) байқалады, яғни өсімнің серпіні жалпы әлемдік болып табылады. Қазақстандық акциялардың қымбаттау себептері – елдегі экономикалық жағдайдың және эмитенттердің қаржылық нәтижелерінің жақсаруы, компанияның дивидендтік және корпоративтік жеке тарихы мен ұлттық валюта бағамының ауытқуын реттеу.

IPO нарығында белсенділік дағдарыс алды 2007 жылдың ауқымына жетті. Нәтижесінде жылдың басынан АҚШ биржаларына 1624 жария орналастыру тіркелді, 2016 жылғы көрсеткіштен 49%-ға жоғары. $188,8 млрд мөлшерінде капитал тартылды, ол былтырғы нәтижелерден 40%-ға жоғары.

Қазақстандық нарықта тек бір бастапқы орналастыру – Астана Банкінің акциялары жүргізілді, орналастыру бағасынан 13%-ға өсті.

S&P 500 кіретін акциялардан жылдың басынан Align Technology (+151,7%), NRG Energy (+126,1%) және Micron Technology (97,8%) компанияларының қағаздары өсімінің оң серпіні тіркелді. Қазақстандық нарықта құнның өсуіндегі біріншіліктің үштігін Kaz Minerals (+130%), ҚМГ БӨ (+70%) және Халық банкінің (+60%) бағалы қағаздары иеленді.

Жаһандық нарықтардың ІЖӨ өсімінің қарқынын қалпына келтіру аясында 2018 жылы халықаралық нарықтардың қарқынды өсімді жалғастыру перспективасы жаман емес. Сөйтіп, 2018 жылы АҚШ ІЖӨ 4% белгісіне қол жеткізуі мүмкін. Жақын уақытта дамып жатқан сандық жүйге көшіру және жаһандану аясында технологиялық компаниялардың акциялары мен банк секторының акциялары анағұрлым перспективті бола алады.

Қазақстанда болжамдар қолайсыз, Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, еліміздің ІЖӨ өсімі 2017 жылы 3,7%, 2018 жылы 3,7%, 2019 жылы 4% құрайды. Мұнай бағаларына қатысты сарапшылардың көзқарастары мен болжамдары да уәде берерліктей көрінеді. Аталғанды ескере, компаниялардың KASE-те баға белгіленімінің әрі қарай өсімін көреміз.

Асқар Достияров, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) басқарма төрағасы:

Қазақстанда 2017 жылы тікелей инвестициялық нарықтардың макроэкономикалық көрсеткіштерін жақсарту аясында белгілі белсенділікті көрсетті. Сонымен, 2017 жылжың бірінші жартыжылдығында тікелей инвестициялардың таза ағынының көлемі 2016 жылы 6 айдағы көрсеткіштен 20% асып түсті және $4,2 млрд. жетті. Кәсіпорындар капиталға тікелей инвестицияларды тартуды бірнеше себептер бойынша оң бағалай бастады. Біріншіден, Қазақстанның көптеген кәсіпорындары банктен қаржыландыру алу бойынша қиындықтарға тап болды. Мысалы, Қазақстан экономикасын қаржыландыруда банк секторы рөлінің қысқарғаны байқалады. Егер 2009 жылы банктердің заңды тұлғаларға несие беру үлесі ІЖӨ 30% құраса, 2016 жылы аталған көрсеткіш 19%-ға дейін төмендеді. Екіншіден, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру инвесторлар үшін тартымдылығын арттырып, экономиканың белгілі салаларына ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Үшіншіден, мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы тікелей инвестициялар нарығында белсенділікті арттырудың катализаторы болды.

ЕҚКМ бойынша аралық қорытынды шығаратын болсақ, АӨК, автоматтандыру және роботтандыру, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жобаларға құйған ҚКМ қатысқан тікелей инвестициялық қорлардың инвестициялары 2017 жылы 11 айда 10 млрд теңгені құрады. Соңғы бірнеше айда жалпы капитализациясы $600 млн құрайтын үш жаңа қорды құру туралы корпоративтік шешім қабылданды. Сөйтіп, ҚКМ және жалпы нарықтың инвестициялық қызметінің оң серпіні байқалады.

Дәстүрлі шикізат секторларын, сонымен қатар ТМК және банк секторынан басқа, ағымдағы жылы көлік-логистика саласы мен АӨК жобалар анағұрлым тартымды болды.

Қазақстанның транзит әлеуетін дамыту шеңберінде өңірде көлік және ілеспелі инфрақұрылым соңғы жылдары «Нұрлы жол» бағдарлама секілді мемлекеттік бағдарламалардан едәуір импульс пен бастама алды, сонымен қатар біздің көршілерімізден «Бір белбеу – бір жол» (One Belt — One Road) бастамасы секілді мемлекетаралық бастама алды. Сонымен бірге ҚКМ қатысқан қорлар өз инвестицияларының нысаны ретінде логистикалық орталықтарды және көлік инфрақұрылымын дамытуды белсенді қарастырады.

Қазақстанның агросекторына мемлекеттік субсидиялар және жеке секторына құйылатын едәуір инвестициялар, сонымен қатар бірегей географиялық орналасуы, атап айтқанда 1,4 млрд сатып алушысы бар Қытайдың ірі нарығы және нарығы 180 млн адамды құрайтын Еуразия экономикалық одағына мүшелік ету агросекторды инвестициялар және алдағы уақытта экспорт әлеуетін дамыту үшін hot topic жасайды.

Ауыл шаруашылығын дамытудан басқа, инвестиция құюдың перспективті бағыты инновация саласындағы жобалар болып табылады.

Қазақстанның экономикасы сыртқы түбегейлі өзгерістерден болған бәсеңдеуден кейін жақсы қалпына келіп жатыр, реформа процесінің арқасында әрі қарай өсудің өте жақсы базасын құрды. Тікелей инвестициялар өсімінің белгілі серпінін 2018 жылдың басында Астанада Халықаралық қаржы орталығын ашу арқылы береді деп үміттенеміз.

Осының барлығын, сонымен қатар елдегі тартымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету үшін Қазақстан үкіметі іске асыратын бірқатар нақты іс-шараларды ескере, 2018 жылы тікелей инвестициялардың ағыны оң траекторияда қалады деп болжауға болады.

Жалпы, 2017 жылы болған тенденциялар мен трендтер жалғаса береді және тікелей инвестициялар үшін анағұрлым перспективті бағыттар - инфрақұрылым, әсіресе көлік, агросектор, мұнай химия өнеркәсібі болады деп атап өтуге болады.


Дереккөзі: http://www.kapital.kz

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Қазақстандық өнертапқыштар мүгедектер арбасына электр жетегін әзірледі

Назарбаев университетінің жас өнертапқыштары қалыпты механикалық мүгедек арбалары үшін кірістірілген электр жетегін ойлап тапты.

26.04.2018
«Қазына Капитал Менеджмент» жаһандық private equity қауымдастығының бөлігіне айналды

Екінші тоқсанның басталуы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ компаниясы тарихындағы маңызды оқиғамен тұспа-тұс келді. 2018 жылы 1 сәуірде Компания дамушы елдерде тікелей инвестиция саласындағы барлық әйгілі компанияларды біріктіретін бірден-бір қауымдаст

12.04.2018
Холдингтің
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
Даурен Онаев: үлестік құрылыс бойынша нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қор кепілдігін алатын объектілер санын ұлғайта түседі.

Үлестік нарық қатысушылары үшін кепілдік жарна мөлшерлемесі жоба құнынан 2% мөлшер деңгейінде белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында өткен брифинг барысында «Тұрғын үй құрлылысына кепілдік беру қоры» АҚ Басқарма

10.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook