«Нұрлы» жаңа инвестқоры 2018 жылдың I жартыжылдығында табыс таба алады

«Бәйтерек» мемлекеттік холдингтің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент»-те (ҚКМ) «Нұрлы» еуразиялық инвестқорын құру толық айтылды деп LS хабарлайды.

ҚКМ осыған дейін шетелдік серіктестермен «Нұрлы» еуразиялық инвестқорының (Eurasian Nurly Investment Fund) негізгі талаптары туралы келісімге бірлесіп қол қойғанын нақтылады. Осы келісімнің шеңберінде тараптар қорды құру бойынша барлық қажетті құжаттарға қол қоюды және ағымдағы жылдың I жартыжылдығында іске қосуды жоспарлайды.

«Құрылатын қордың мақсатты мөлшері $400 млн. құруды көздейді. Қордың негізгі инвестициялары Қазақстан аумағында экономиканың әртүрлі салаларындағы инфрақұрылымды дамыту, табиғи ресурстарды қайта өңдеу, логистика, ақпараттық технологиялар, өңдейтін кәсіпорын, агроөнеркәсіп кешені және басқалар секілді жобаларды іске асыруға бағытталатын болады», деп ұйым нақтылады.

ҚКМ 2017 жылы шетелдік инвесторларды және аталған қорға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстың жүргізілгенін атап айтты.

«Атап айтқанда, былтыр қарашада компания Пекинде және Гонконгте CITIC, Қытай-еуразиялық экономикалық ынтымақтастық қорының, AIFG өкілдерімен және ҚХР басқа ірі инвесторларымен бірқатар кездесулер өткізді. Өткізілген кездесулердің нәтижесінде қордың көлемін ұлғайту, Қазақстанға инвестиция құю бойынша міндеттемелерді ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізді. Сөйтіп, қорға қосымша халықаралық институционалды және жеке инвесторлар (CITIC, CEF, AIFG) тартылды», - деп ҚКМ қосып өтті.

LS бұрын хабарлағандай, «Бәйтерек» «Нұрлы» қытай-еуразия инвестқорын құруға ниетті.

Дереккөзі: http://www.lsm.kz

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

01.06.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жөргектер өндірісінің жобасы бойынша 300 млн теңгеден астам пайда тапты

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.

31.05.2018
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook