Қазына Капитал Менеджмент «Жан Досым» Қоғамдық Қорымен бірге кадет класстарының формаларын тігуге арналған тігін шеберханасын жабдықтады

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) өзінің он жылдығына орай ұйымдастырылған «10 Қайырымды іс» Акциясы төңірегінде тігін құрал-жабдықтарын сатып алуға қаржы бөлді.

Енді елордалық №57 орта-мектепте кадеттердің аналарына балаларына арналған формаларды өз қолдарымен тігуге мүмкіндік беретін өзіндік жеке тігін шеберхана ашылмақ. ҚКМ өнеркәсіптік 3 тігін машинасы, пресс-үтік, пішуге арналған үстел мен басқа да қажетті материалдарды сатып алды.

«Компаниямыздың он жылдығына арналған «10 Қайырымды іс» атты бастамамыз сәтті жүзеге асуда. Осы күнге дейін Степногорск қаласындағы кітапханаларды техникамен жабдықтап, Ақкөл қаласындағы «№1 Балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесін спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп, мүгедектерге арналған арбаларды электрлі етіп, оңтайландыруды көздеген «Назарбаев Университетінің» жаңа стартапына қолдау көрсетіп, Макинск және Малотимофеевка қалаларындағы қарттар үйін техникамен жабдықтап үлгердік. Сондай-ақ, біздің қызметкерлер обыр ісігіне шалыққан жандарға да жеке көңіл бөліп, қол үшін беруде. Бүгін «Жан Досым» Қоғамдық Қорымен бірге 57 мектептің кадет класстарының формасын тігуге арналған тігін шеберханасын ашу мақсатында тігін жабдықтарын әкелдік. Қазір бұл класста 50 көпбалалы және толық емес отбасының бүлдіршіндері тәрбиеленуде. Енді кадеттердің аналары балаларына форманы өздері тігетін болады. Бұл кадеттерді әрине қуантады. Сонымен қатар, аналары үшін қосымша табыс көзі болмақ. Тігін машиналары жазғы, қысқы, салтанатты шараларға арналған – барлық формаларды тігуге мүмкіндік береді. Мата және тағы да басқа тігінге керек жабдықтарды да қарастырдық» - дейді, Қазына Капитал Менеджменттің Басқарушы директоры Бауыржан Ережепов.


Анықтама үшін: Кадет классы – «Жан Досым» балалардың интеллектуалды және рухани дамуы академиясы», «Асыл Бала» Республикалық Ассоциациясы мен әскери-патриоттық орталықпен бірге 2016 жылдың 1 тамызында жүзеге аса бастаған жоба. Мұндай класстар Астананың №13 и № 57 мектептерінде ашылған. Қазіргі таңда 100 бала оқытылуда (әр мектепте 50 баладан). «Кадет класстары» атты жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді әскери қызметті өтеуге дайындау, әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру мен «Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің негізгі идеясында көрсетілген, ел болашағының негізін құрайтын, барлық қазақстандықтарды біріктіретін ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру. Кадет класстарына оқушылар 7 сыныптан бастап қабылданады. Оқу тегін. Мектептің негізгі бағдарламасындағы пәндерден басқа, оқушылар алғашқы әскери дайындық сабақтарын оқып, спорттың әскери-қолданбалы түрлері мен хореграфия, күрес сабақтарын алады. Сондай-ақ, кадеттер бокс, қол күрес және атыс түрлерін үйренеді. Осы секциялар үшін мектептің бірінші қабаттары арнайы жабдықталған. Кадеттер әскери бөлімдерге жиі барып, әскери техникамен танысып тұрады. Ал, 9-класстан бастап техникалық дайындықты оқиды. Оқушылар салтанатты шараларға арналған, күнделікті киюге және қыста киюге арналған формалармен толық қамтамасыз етілген.

Қазына Капитал Менеджмент қызметкерлері компанияның 10 жылдығына орай «10 қайырымды іс» Акциясын жүзеге асыру мақсатында қаражат жинап, қоғамның осал топтарына жәрдем беруді жөн көрді. Акция төңірегінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары, түрлі медициналық орталықтар мен балалар үйіне көмек көрсетіледі. Компания ұжымы бұл бастаманы халықтың әлеуметтік, қайырымдылық жауапкершілігін арттырып, еріктілер қызметін көбейу арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуді мақсат еткен «Рухани жаңғыру» Рухани Жаңғыру бағдарламасына қосқан өзіндік үлесі деп біледі. Игі іс корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жоғары Қазына Капитал Менеджменттен де қолдау тапты. Акция 2017 жылдың соңына дейін жалғасын табады.

 

 

 

Медиа-орталық
"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ
Ардақ Қасымбек «Қазына Капитал Менеджмент» басшысы болып сайланды

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

01.06.2018
Қазына Капитал Менеджменттің еншілес ұйымы жөргектер өндірісінің жобасы бойынша 300 млн теңгеден астам пайда тапты

Қазына Капитал Менеджмент (ҚКМ) балалардың бір реттік жөргектері өндірісі (Sachiko-Olzha Products ЖШС) бойынша жобадан жалпы сомасы 1,2 млрд теңгемен толық шығуды іске асырды. Сонымен бірге, 300 млн теңгеден астам инвестициялық кіріс алды.

31.05.2018
Холдингтің
Қазақстан мен Қытай бірлескен инвестициялық қор құрды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 2018 жылғы 8 маусым. 2018 жылғы 8 маусымда Бейжіңде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund Қазақстан-Қыта

08.06.2018
«Бәйтерек» «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп берді

Бүгін Үкімет отырысында 2017 жылдың 9 айына «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру қорытындылары қаралды. «Бәйтерек» холдингі бағдарламаның бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруда.

23.10.2017
PR бөлімімен байланысу үшін

По телефону:

(+7 7172) 554 222 (вн.120)

По электронной почте:
PR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook