Корпоративтік басқару

Бір элементтің өнімділігін жүйенің өнімділігін түгел арттыру арқылы ғана көтеруге болады

Уильям Эдвардс Деминг
Біз корпоративтік басқарудың заманауи
және тиімді жүйесін үздік халықаралық тәжірибенің алдыңғы қатарлы стандарттарына сай қолданамыз. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесі мақсаттарға қол жеткізуді және Бірден-бір акционердің стратегияларын іске асыруды, жүйенің барлық элементтерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін анық ажыратуды,
олардың өзара әрекеттерінің айқындылығын, қызметтің жалпы тиімділігін және нәтижесінде – Бірден-бір акционердің мүдделері мен құқықтарын қорғауды және компанияның құнын арттыруды көздейді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ еншілес және тәуелді қоғамдар мен басқа заңды тұлғаларға қатысты бірыңғай корпоративтік саясатты ұстанады.
88 %
корпоративтік басқару жүйесінің үздік тәжірибе талаптарына сәйкес келуі
90 %+
тәуекелдерді бағалау және басқарудың тиімділігі
75 %
ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі
80 +
сұрақ Директорлар кеңесінде жыл сайын қарастырылады
1200 +
құжат Бірден-бір акционермен жыл сайын электрондық құжат айналымы
Корпоративтік басқарудың принциптері

АО «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 01/15 хаттамадағы шешімімен бекітілген «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексінде тұжырымдалған.

Негізгі принциптер:
Қызмет туралы ақпаратты ашудың айқындылық және объективтілік принципі:

Біз «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қызметі – экономикалық көрсеткіштері, қызметтің нәтижелері, меншік және басқару құрылымы туралы ақпаратты шынайы әрі уақытылы ашуды қамтамасыз етеміз.

Заңдылықтың және жоғары іскери этикеттің принципі

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Қазақстан Республикасы заңнамасына, іскери әдептің жалпы қабылданған принциптеріне, Жарғыға, Корпоративтік басқарудың қағидаларына және өзінің шарттық міндеттемелеріне сәйкес жұмыс істейді. 

Жауапкершілік принципі

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өзінің дамуын және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тұлғаларды мойындайды, құқықтарын құрметтейді және сондай тұлғалармен ынтымақтасуға ұмтылады.

Ұйымдық құрылымы
Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Басқарушы директор - Департамент директоры
Инвестициялық қорлар департаменті
Басқарушы директор - Департамент директоры
Қорларды құрылымдау департаменті
Басқарушы Директор
Тәуекелдерді талдау және басқару қызметі
Есеп жөніндегі бас менеджер
Құқықтық және корпоративтік мәселелер қызметі
Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі
Қаржы бөлімі
Бас дилер
Әкімшілік департамент
Тәуекелдерді басқару жүйесі

Тәуекел туындаған жағдайда, тапқырлық танытсаң, оны мүмкіндікке айналдыруға болады.

Рори Бурке
Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның барлық тәуекелдерді сәйкестендіруге, бағалауға, мониторинг жүргізуге, сонымен қатар тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша шараларды қабылдауға бағытталған қызметтің біріктірілген құрамдас бөлігі болып табылады.
2017 жылы ақпанда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің көрінісін, мақсаттарын және міндеттерін айқындайтын, тәуекелдерді басқару процесінің негізгі принциптерін, тәуекелдерді басқару құрылымын, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі компоненттерін анықтайтын,
тәуекелдерді басқару процесін іске асыру кезінде жүйеленген және бірізді тәсілімді қамтамасыз ететін Тәуекелдерді басқару саясатының жаңа редакциясы бекітілді. Біздің қызметімізге байланысты әлеуетті тәуекелдерді анықтау бойынша көп жұмыс жүргіземіз және оларды азайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да Талдау және тәуекелдерді басқару қызметі, Директорлар кеңесі жанында Аудит және тәуекелдер комитеті қызмет атқарады. Талдау және тәуекелдерді басқару қызметі Басқармаға, Директорлар кеңесі жанында Аудит және тәуекелдер комитетіне тоқсан сайын есеп береді.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің қағидалары
Маңыздылығы

Тәуекелдерді басқару –  ҚКМ корпоративтік мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі. Тәуекелдерді басқару жүйесінің міндеті – оларды іске асырудан болатын ықтимал шығынды азайту  мақсатында негізгі тәуекелдерді уақытылы анықтау және төмендету. 

Тиімділігі және тұтастығы

Тәуекел менеджмент жүйесі тәуекелдердің жеке түрлерін басқарудың теңдестірілген жүйесіне және компанияның жиынтық тәуекел элементтерін қарастыруға негізделген. Тәуекелдерді басқарудың кешенді құрылымы барлық тәуекелдерді тиімді бағалауға және талдауға мүмкіндік береді. 

Процестердің үздіксіздігі

Тәуекелдерді басқару процесі тұрақты негізде іске асырылады.  Тәуекелдерді басқару бөлімшесі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да тұрақты негізде тәуекел менеджмент жүйесіне мониторинг жүргізеді, сонымен қатар уәкілетті органдардың алдында компанияда тәуекел менеджмент тәуекелдің ағымдағы жағдайы бойынша тоқсан сайын есеп береді. 

Өзектілігі

Тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстардың шеңберінде ішкі нормативтік құжаттарды, тәуекелдерді тіркеушілерді және карталарды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, тәуекелдерді басқару жүйесі жайлы өзекті ақпарат мерзімді ұсынылып тұрады. Қызметкерлердің тәуекел мәдениетін арттыру мақсатында, тәуекелдің иелерімен бірлесіп тәуекелдер қызметіне тән сәйкестендіру жүргізіледі. 

Әлеуметтік жауапкершілік

Біз, қызметкерлер, серіктестер, қоғам және болашақ ұрпақ алдындағы өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді толық сезінеміз. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өз қызметіне тікелей байланысты және белгілі заңның төменгі көрсеткішінің шеңберінен шығатын әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамның дамуына ерікті үлес қосуға дайындығын әрқашан білдіреді. Негізгі міндеттер мен іс-шаралар «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы Саясатында бекітілген.

Біз үшін әлеуметтік жауапкершілік - бұл:
Адамның құқығын сақтау

Халықаралық қоғамдастықта жарияланған адам құқықтарын қолдау және сақтау.

Еңбекті қорғау және адам әлеуетінің дамуына инвестиция салу

Мәжбүрлі еңбек етудің барлық түрлерін болдырмау; еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікті жою; қызметкерлердің еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауықтыру бағдарламаларын өткізу және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау; ынталандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру; тиісті корпоративтік мәдениетті дамыту. 

Қоршаған орта туралы қамқорлық

Қоршаған ортаны жағымсыз әсерден сақтандыру; экологиялық таза технологияларлы дамыту және таратуға, көмектесу баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша бастамашылық, энергия тұтынуды азайту және энергия тиімділігін арттыруға көмектесу. 

Әлеуметтік тиімді инвестициялар

Қоғам мүддесіне бейімделген өндірісті дамыту; жергілікті қоғамдастықтың дамуына, соның ішінде әлеуметтік серіктестіктің өзара пайдасын жасау арқылы үлес қосу; Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықты және бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға көмектесу. 

Әлеуметтік қолдау және қайырымдылық

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдауға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізу; жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға қайырымдылық және демеушілк көмек көрсету.

Стейкхолдерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау

Әдеп талаптарының негізінде барлық стейкхолдерлермен адал және өзара пайда қарым-қатынас жасауға жүйелі тәсілдеме; заңнаманы мүлтіксіз сақтау; инвесторлармен және клиенттермен жасалған келісімдердің талаптарын сақтау; адал бәсекелестіктің принциптерін сақтау. 

Қызметтің айқындылығы

Өз қызметінің және даму жоспарларының нәтижелері туралы ақпаратты объективті және сапалы ашу; компанияның мүдделі тұлғаларының шешіміне ықпал ететін елеулі оқиғалар туралы мәліметтерді уақытылы ашу; құпия ақпаратты заңсыз пайдалануға тыйым салуды сақтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу. 

Корпоративтік оқиғалар
30.05.2018

2018 жылы 30 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қасымбек Ардақ Махмұтұлы сайланды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Достияров Асқар Абайұлы өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

24.05.2017

2017 жылы 24 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы 2016 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның жылдық аудирленген жеке және шоғырландырылған қаржы есептілігін бекіту, 2016 жылы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның әрекеттеріне акционердің және оның лауазымдық тұлғаларының үндеулері туралы, сонымен қатар «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма және Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты назарға алу туралы мәселені қарастырды. 

23.02.2017

2017 жылы 23 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Бірден-бір акционердің өкілі ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі болып Таджияков Ғалымжан Бисенғалиұлы сайланды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімімен Бірден-бір акционердің өкілі ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі Хамитов Ерсайын Ерболатұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

29.08.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ бірінші жартыжылдық ішіндегі өз жұмысының қорытындысы туралы есеп берді. 

27.05.2016

2016 жылы 27 мамырда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті күндізгі отырысы өтті. Директорлар кеңесі ТИҚ органдарындағы ​​​​​​​«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өкілдерін өзгерту бойынша шешім қабылдады. Аудит және тәуекел комитетінің Төрағасы болып тәуелсіз директор Яцек Бжезински тағайындалды. Одан басқа, Директорлар кеңесінің жабық отырысында Директорлар кеңесінің 2015 жылы ішінде жүргізген бағалау нәтижелері талқыланды. 
 

25.04.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

04.04.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі және Басқарма құрамында өзгерістер. 

19.11.2015

2015 жылы 19 қарашада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Милушев Эмиль Шамильевич сайланды. 

05.10.2015

2015 жылы 5 қазанда Мажибаев Қайрат Қуанышбайұлы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінде Директорлар кеңесі мүшесі ретінде өз өкілеттіктерін өз еркімен тоқтатуы туралы хабарлады. 

20.05.2015

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

20.04.2015

2015 жылы сәуірде "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. 

16.08.2017

2017 жылы 16 тамызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бақармасының шешімімен жаңа редакциядағы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Жарғысы бекітілді. 

05.04.2017

2017 жылы 5 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен Бірден-бір акционердің өкілі ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі мүшесі болып Арифханов Айдар Абдразақұлы сайланды. 

17.02.2017

2017 жылы 17 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Достияров Асқар Абайұлы сайланды. 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының осы шешімімен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ағыбаев Алмас Құдиярбекұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

05.07.2016

Ерболат Досаев «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 

13.05.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары болып Әсет Сағымбекұлы тағайындалды. 

22.04.2016

Қазақстанда ЕҚДБ бірінші өкілі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесіне кірді.

18.03.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

12.11.2015

2015 жылы 12 қарашада «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

29.09.2015

2015 жылғы 29 қыркүйекте «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

21.04.2015

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамашылығы бойынша «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен ALMEX-Baiterek Fund тікелей инвестициялық қоры құрылды. 

Есептілік
Сыртқы аудитор

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ үшін аудиторлық ұйымды таңдау Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесіне сәйкес іске асырылады.

2014 жылдан бері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қаржы есептілігінің сыртқы аудитін «КПМГ Аудит» ЖШС жүргізеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қаржы есептілігі бойынша аудит бойынша ағымдағы ұзақ мерзімді шарт 2014-2018 жж. аралығында жарамды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «КПМГ Аудит» ЖШС-дан «ҚКМ» АҚ-ның 2017 жылдағы салықтық міндеттемелеріне шолу мәселесі бойынша кеңес беру қызметтерін сатып алды.

Комплаенс қызметімен байланыс

Электронды пошта:
info@kcm-kazyna.kz 

Телефон:
(+7 7172) 554 222 (ішкі 145, 132)

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook