Мансап

Біз ешқашан желдің бағытын өзгерте алмаймыз. Алайда қажетті желкенді қою біздің қолымызда. Осылай жасайтын және жылдам жасайтын компаниялар болашқта өте табыскер болады. 
 

Роберто Гойзуэто

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да жұмыс істеу бірегей және қызықты кәсіби мансап жасауға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның қаржы нарығында үздік жұмыс беруші болуға ұмтыламыз. Компания қабырғасында әр қызметкерге кәсіби және жеке жоспарда өзін дамытуға, өзінің шығармашылық идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін жағдайды жасаймыз. 

33 жыл
қызметкерлердің орташа жасы. Біз ‒ жас және ілгері жүретін командамыз.
50 /50
ұжымдағы гендерлік арақатынас
100 %
қызметкердің жоғары білімі бар.
60 %+
қызметкерлердің шетелдік білімі бар.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қызметкерлері біздің корпоративтік құндылықтарымызды көрсететін біздің компаниямыздың визит картасы болып табылады. Сондықтан біздің командамыздың мүшелерін таңдауға мұқият қараймыз. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ абыройы біздің қызметкерлеріміздің бойындағы адамгершілік, азаматтық қасиеттерден тұрады. Біз тұтастықты, ашық коммуникацияларды, бірыңғай команда рухын, тиімді өзара әрекеттерді, команда мүшелері арасында сенімді өте құрметтейміз.

«Егер көп нәрсені талап етіп, одан көп нәрсе беретін орта қажет болса, онда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – бұл орын сіздікі».

Асқар Достияров, Басқарма Төрағасы

«Мен үшін «Қазына Капитал Менеджментте» жұмыс істеу ‒ қазынашылық портфельді басқаруда дамудың және инвестициялық саладағы менің кәсіби қасиеттерімді арттырудың жаңа сатысы».

Әділет Асубеков, Бас дилер

«Біздің әрқайсымыз кәсіби тәжірибе алуға ұмтыламыз. Мен үшін «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ секілді жас командада және екпіндеп өсіп жатқан компанияда болу –  ол бірінші кезекте таңдаған қызмет саласындағы негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді».

Индира Магзомова, BVF бас бухгалтері

«Қазына Капитал Менджмент» АҚ – менің кәсіби қызметімдегі үздік тәжірибе. Мықты болуға ұмтылу, жаңа белестерді бағындыру – табысты болғысы келетін кез келген адамның тілегі. "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ-мен бірге менің тұрақты өзімді-өзім дамытуға деген ұмтылысым пайда болды. 

Енді менің мүмкіндіктерімнің шегі жоқ екеніне сенімдімін». Қанат Кенжебеков

«Мен өз ісінің кәсіпқойлары командасында жұмыс істейтінімді және оның бөлшегі болып табылатынымды мақтан тұтамын, себебі іске асырылып жатқан жобалардың біздің еліміз және халқымыз үшін маңыздылығын байқап жүрмін. Менің үйренерім көп. 

Гүлжанат Кафизова, кадр ісін жүргізу маманы
Бос жұмыс орындары

Біздің стратегиямызды іске асыру үшін дарынды және қызығушылық танытқан қызметкерлер қажет. Біздің миссиямызға сеніп, біздің корпоративтік құндылықтарымызбен бөлісетін адамдарды шақырамыз. Біз қызметкерлерімізге қамқорлық көрсетеміз, олардың кәсіби дамуын және мансаптық өсуін көтермелейміз. 
 

Қазіргі уақытта «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ында  бос жұмыс орындары жоқ.

HR бөлімімен байланысу үшін

Телефон нөмірі:
(+7 7172) 554 222 (ішкі.137)

Электрондық пошта:
HR@kcm-kazyna.kz

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook