Біз туралы
Біздің құндылықтарымыз
Мінсіз абырой

Біздің жоғары моральдық және әдеп принциптерін ұстанып жасап жатқанымыз біздің серіктестерімізбен берік қарым-қатынас жасауға және жоғары іскери абыройымызды нығайтуға мүмкіндік береді. 

Біздің құндылықтарымыз
Кәсіпқойлық

Бір ғұлама айтқандай: «Кемелдік – шеберлік емес. Бұл ‒ қарым-қатынас». Біз жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін барлық жерде кәсіби қарым-қатынасты ұстанамыз.

Біздің құндылықтарымыз
Нәтижеге қол жеткізуге бейімделу

Қай бағытта жүзерін білмейтін кемеге жел де жолдас болмайды (Сенека).  Сондықтан біз алдымызға анық мақсаттар қоямыз және оған қол жеткізуге бейімделеміз. 

Біздің құндылықтарымыз
Инновациялық тәсілім

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да біз әлемді басқаша көреміз. Біздің инновациялық тәсіліміміз біздің жұмысты істейтін акционерлер, инвесторлар, портфельдік компаниялар және барлығы үшін басты ерекшелік болып табылады. Сонымен қатар біздің компаниямыздың құндылықтарын арттыру үшін барлық жерде инновацияны құптаймыз. 

Біздің құндылықтарымыз
Жауапкершілік

Жауапты ұйым болу – біздің серіктестеріміз үшін ұзақ мерзімді құндылықты қалыптастыратын жақсы іскери тәжірибе деп есептейміз.

Біздің құндылықтарымыз
Тұрақты даму

Тұрақты дамуға ұмтылу дегеніміз ‒ заманмен қатар жүру, сонымен қатар барлық салада сапаға қол жеткізу. Сондықтан да «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның стратегиялық міндеттерінің бірі тұрақты жақсарту саясаты болып табылады.

Біздің құндылықтарымыз
Бірыңғай команда

Біздің жетістігіміз – бірлесіп жұмыс істеудің нәтижесі. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның мамандары: орынды инвестиция салу және біздің инвесторларымыз үшін құндылықтарды жасау үшін қажетті тәжірибе, білім және ресурстарды ұсыну үшін салалар мен географиялық өңірлер қорлар арқылы біртұтас болып жұмыс істейді. Себебі біз бір командамыз!

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына,
Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыру, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, мемлекеттік активтерді тиімді басқаруға, үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға, private equity-де инновациялық білім мен технологиялар трансфертіне көмектесу үшін 2007 жылы құрылған тікелей инвестициялар (private equity) қорларының қоры.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ халықаралық институционалды инвесторлармен бірлесіп, private equity қорларын тиімді басқарады. ҚКМ отбасының қорлары экономиканың әртүрлі секторларындағы компанияларға әрі қарай өсу және бәсекелестікті арттыру мақсатында капитал ұсынады.
Миссия

Әртүрлі кезеңде өсіп жатқан компанияларға ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға
көмектесу үшін тікелей инвестициялар қорлары арқылы тікелей және басқа инвесторлармен бірлесіп үлестік капитал ұсыну.

Стратегия
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған өзектендіріліген Даму стратегиясы өңірде макроэкономикалық өзгерістерді және private equity-дегі жаңа тенденцияларды ескере, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өзектендірілген Даму стратегиясының негізінде, сонымен қатар «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның 10 жыл ішіндегі қызметіне талдау жүргізу негізінде бекітілген.
Экономикалық өсуді қолдау үшін инвестициялардың қосымша көлемін тарту қажеттілігі, қаржыландырудың дәстүрлі көздерінің қолжетімсіздігі және private equity-дің экономикалық өсудің тұрақты ұзақ мерзімді көзі ретінде ерекшелігі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін негізгі алғышарттары болды.

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Стратегиялары шеңберінде келесі стратегиялық бағыттар анықталды:
  1. Ірі және орта бизнес сегментінде private equity құралы арқылы кәсіпкерлікті қолдау, экспорт әлеуетін арттыру, трансферт және инновацияны енгізу.
  2. Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту.
  3. ҚКМ қызметінің тиімділігін арттыру.

Жалпы, private equity құралдарын және инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Негізгі міндеттер:

  • Бәсекеге қабілетті және экспортқа бейімделген өндірістерді private equity қорлары арқылы олардың үлестік капиталына қатысу арқылы қолдау және құру.
  • Қазақстанға халықаралық институционалды инвесторларды тарту, сонымен қатар private equity қорлары арқылы экономиканың басым шикізаттық емес секторларын бірлесіп қаржыландыру үшін отандық инвесторларды ынталандыру.
  • Қазақстанда үздік әлемдік тәжірибені енгізу үшін көп жылдық жұмыс тәжірибесі және кірістің тұрақты көрсеткіштері бар басқарушы компанияларды және жетекші халықаралық ұйымдарды стратегиялық серіктес ретінде тарту.
  • Қажетті қаржы құралдарын дамыту арқылы Қазақстанда private equity жекеменшік инфрақұрылымын құру.
  • Қазақстанда private equity тиімді дамуы үшін басқарушы компаниялардың және қорлардың кластерін өз бетінше қалыптастыру.
Біздің командамыз

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ ‒ отбасының қорлары өз халқының тарихы мен дәстүрін құрметтейтін және біздің мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін алдыңғы қатарлы халықаралық технологияларды 

Құрметке тек өз тарихын құрметтеген лайық.

 

Гавриил Державин
ҚКМ тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 28 ақпанындағы жыл сайынғы халқына жолдауында айтылған бастамасы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның құрылуына алғышарт болды. Елбасы private equity қорларының қорын құруды тапсырған. Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын орындау үшін «Қазына тұрақты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесі 2007 жылы 7 наурызда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ны құру туралы шешім қабылдады.  

Сол күннен бері «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ында көптеген маңызды оқиғалар орын алуда. Компания өсуде және жасалып жатқан әр қадам болашақтағы үлкен жетістіктерге алғышарт. Осы негізде «Қазына Капитал Менеджмент» 13 қордың құрамында, 30-дан астам инвесторлармен келісімге келіп, «Baiterek Venture Fund» АҚ еншілес қорын құрды. 

2013 жылдың тамызынан бастап, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамында. 

05.07.2017

«Қазына Капитал менеджмент» АҚ-ның директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Ерболат Досаев тағайындалды. 

23.02.2017

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Директорлар кеңесі Aureos Central Asia Fund қорына қатысу туралы шешім қабылдады.

27.05.2016

«Қазына Капитал менеджмент» АҚ-ның директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Директорлар Кеңесінің шешімі бойынша, тікелей инвестиция қорларының органдарындағы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның өкілдері өзгертілді. Аудит және тәуекелдер комитетінің Төрағасы болып, компанияның тәуелсіз директоры Яцек Бженски  сайланды. Сондай-ақ, жабық отырыс аясында директорлар Кеңесінің 2015 жылғы берілген бағасына талдау жасалды. 
 

25.04.2016

«Қазына Капитал менеджмент» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

18.03.2016

«Қазына Капитал менеджмент» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

28.12.2015

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры» АҚ-ға қатысуын тоқтату туралы шешім қабылданды.

23.08.2015

Nazarbayev University, Graduate School of Business-те «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ компаниясының Басқарма Төрағасы Алмас Ағыбаевтың Private equity market of Kazakhstan тақырыбында лекциясы өтті.

23.05.2015

«Baiterek Venture Fund» АҚ «Аллюр компаниялар тобы» акцияларының 14,35%-ын (18 138 дана акция, акцияның жалпы саны – 126 399 дана) сатып алды. 

20.04.2015

ҚКМ-нің «Almex-Baiterek Fund» АҚ-ға Қоғамның жарғылық капиталға  50% қатысу үлесімен, 9 300 000 000 (тоғыз миллиард үш миллион) теңгеге дейін қатысуы туралы шешім қабылданды.

22.05.2013

2013 жылы тамызда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның пакеттер акциясы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның сенімгерлік басқаруына тапсырылды (2011 жылғы қараша және 2013 жылғы мамыр аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басқаруында жұмыс істеді).

21.12.2011

Астана қаласында баспасөз конференциясында «Роснано», «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, I2BF және ВТБ Капитал басқарушы компаниялары нанотехнологиялар бірлескен қорының құрылуы туралы жариялады. Құжаттарға қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев қатысты. 

14.10.2010

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Гонконгте қатысуымен қазақстандық-Гонконг даму қорын құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. 

26.05.2009

CITIC Kazyna Investment Fund I қорын құру бойынша құрылтай құжаттарына қол қойылды.

03.12.2008

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылығы арасында Kazakhstan Growth Fund құруға қатысты ниет ету хаттамасына қол қойылды. 

26.08.2008

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Falah Growth Fund қорына қатысуы туралы шешім қабылданды. Оның құрылуына 2007 жылы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Біріккен Араб Эмиратына сапары кезінде қол жеткізген уағдаластық негіз болды. 

12.05.2008

Тәжікстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және Тәжікстан Республикасы Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару комитеті «Қазақстан-Тәжікстан тікелей инвестициялар қоры» АҚ-ның құрылтай құжаттарына қол қойылды.

06.09.2007

 «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның корпоративтік басқару органдары қалыптастырылып, белсенді практикалық қызметі басталды. 

23.05.2007

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Алматы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

07.03.2007

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Директорлар кеңесі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ны құру туралы шешім қабылдады. 

05.04.2017

2017 жылдың 5 сәуірінде «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның Басқармасының шешімімен, Бірден-бір акционердің өкілі ретінде Арифханов Айдар Әбдіразақұлы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның директорлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

29.08.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ы бірінші жартыжылдық жұмысы бойынша есеп берді. 

13.05.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары болып, Әсет Сағымбеков тағайындалды.

04.04.2016

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ы Басқармасы мен Директорлар Кеңесі құрамында өзгерістер орын алды. 

23.02.2016

2017 жылдың 23 ақпанында «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның Басқармасының шешімімен, Бірден-бір акционердің өкілі ретінде Таджияков Ғалымжан Бисенғалиұлы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның директорлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Дәл осы шешіммен, «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ы Бірден-бір акционердің өкілі ретінде Хамитов Ерсаин Ерболатұлының «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның директорлар Кеңесіндегі мүшелігі тоқтатылды. 

27.11.2015

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Kazakhstan Growth Fund қорының KazGrain компаниялар тобына салатын жалпы көлемі 3 млрд теңгеден асатын инвестициясын мақұлдады. 

24.07.2015

Директорлар кеңесі «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның жаңа редакциядағы ұйымдастыру құрылымын бекітті, онда штат санын өзгертпей, Алматы қаласындағы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Өкілдігін жабу көзделген. 

20.05.2015

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ ДК «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның Kazakhstan Hong Kong Development Fund C.V.-ге қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдады. 

12.03.2014

2014 жылы  I тоқсанда «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Ислам инфрақұрылымдық қорының инвесторлар консорциумына қосылды.
 

26.10.2012

Kazakhstan Growth Fund-тың негізгі инвесторлары ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және Еуропа Қайта құру және даму банкінің бірлескен шешімі бойынша, қор ADM Capital басқаруына тапсырылды.

25.11.2011

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ компаниясы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрілігінің сенімгерлік басқаруына тапсырылды. 

03.06.2010

4-ші Халықаралық инвестициялық саммиттің шеңберінде ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund қайта құрылымдау қазақстандық қорын құру туралы келісімге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов және Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДМ) президенті Томас Миров қол қойды.

27.02.2009

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC), Еуропа қайта құру және даму банкі (EBRD), Macquarie Group и Renaissance Group қатысуымен Macquarie Renaissance Infrastructure Fund қорының бірінші жабылуы өтті. 

20.10.2008

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қолданыстағы Wolfensohn Capital Partners қорына қатысуы туралы шешім қабылданды.

04.06.2008

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және CITIC Capital қытай инвестициялық компания арасында CITIC Kazyna Investment Fund I құру ниеті туралы хаттамаға қол қойылды. 2007 жылы тамызда Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына сапары кезінде бірлескен қорды қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

07.05.2008

Санкт-Петербургте Халықаралық экономикалық форумның барысында Macquarie Renaissance Infrastructure Fund-қа (қазіргі кезде Macquarie Russia and CIS Infrastructure Fund) бірлесіп, инвестиция салу туралы ниет білдірген Ресейдің Внешэкономбанкі, Еуразия даму банкі (ЕАДБ),  «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ,  Macquarie Group және Renaissance Group арасында өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойылды.

16.07.2007

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ акциялар эмиссиясының мемлекеттік тіркеуден өтті.

09.04.2007

«Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы Жарғыны және Инвестициялық саясат туралы меморандумды бекіту туралы шешім қабылдады, жарғылық капиталдың мөлшері анықталып, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ қызметінің басқа да ұйымдастыру мәселелері шешілді. 

28.02.2007

Қазақстан Республикасы Президентінің қорлардың қорын құру тапсырмасы берілген жолдауы.

Біздің құндылықтарымыз
Инвестициялық қызмет
Кері байланыс
Facebook